• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әдебиет 01 Қазан, 2020

Мейірхан Ақдәулетұлы, ақын: Тарихта қалудың мәңгілік баяны жоқ

732 рет
көрсетілді

Уақыт жедел өтеді, жас қар­таяды, дүние ескіреді, қоғам үз­діксіз өзгереді, жаңа жеңіп, көне ұмыт болады. Осы  тұрғыдан алсаңыз, ұмыт болмайтын дүние жоқ. Тарихта қалыпты дегеннің өзінде оның да мәңгілік баяны жоқ.

Бұл – ғарыштық өлшем.

Ал біздің төрт-бес ғасырлық тарихы бар ұлтымыздың аясында қарастырсақ, жазба әдебиеттің тарихы аса ұзақ та емес.

Дәл осы тұрғыдан алсақ, ақын-жазушылардың тізімі түгел болар. Бірақ әдебиеттің түгелді­гі тұрғысынан ұмытылып бара жатқандар баршылық.

Мәселен, Қосжан Мүсіре­пов деген («Раушан» деген кітабы бар) ақын мүлде ұмы­тылып кетті.

Өмірден ерте, тосын жағдайда кеткен, қазақ символизмінің бас­таушысы, ақын – Бернияз Күлеев; Бейімбет, Ілиястармен қа­тарлас жазушы, сол тұста өлең­дер, әңгімелер, пьесалар, сықақ­тар жазған – Жиенғали Тілеп­бер­генов (жас кезінде науқастан көз жұмған); сол замандағы әде­биет­ке еңбегі сіңген, сол дәуірдің білгірі, жазушы  Ғалым Ахмедов сияқты адамдарды біз қазір еске алуды да ұмыттық.

Сондықтан қазақ әдебиетіне еңбегі сіңген (қандай дәрежеде болса да) барлық дәуірлердің қаламгерлерін еске түсіріп, со­лар­ды үздіксіз насихаттау, ғы­лы­ми-танымдық еңбектер жасау керек сияқты.