• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 01 Қазан, 2020

«Тибет аруының» хикаялары

1261 рет
көрсетілді

Қазақ прозасының қоржыны тағы бір су жаңа кітаппен толықты. Жас жазушы Есболат Айдабосынның «Тибет аруы» атты әңгімелер мен хикаяттар жинағы жарық көрді.

«Тибет аруы» деп аталатын бұл кітапқа автордың таңдаулы шы­ғармалары топтастырылған. Жиырма шақты туындының тақырыбы сан алуан. Оқырман ауыл баласымен бірге асық ойнап, атқа шауып, аңшы-саятшылармен салбурынға шығады. Сонымен қатар алмағайып заманда арғы бетке өтіп кеткен қазақтардың жай-күйі мен бүгінгі ұрпағының жан күй­зелісін сезінеді. Жетісу күй ме­кте­бінің қос алыбы Байсерке мен Қо­же­кенің қилы тағдырымен де танысады.

«Алматы-Болашақ» баспасынан 3000 данамен таралған кітап мемлекеттік бағдарлама аясында жарыққа шығып отыр. Жиырма бас­па табақтан тұратын жинаққа автордың бұрын жарияланбаған жаңа әңгімелері де енген.