• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2013

Әсерлі әңгіме

291 рет
көрсетілді

Кеше Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Әділбек Жақсыбеков АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық әріптестік шеңберін­дегі қорғаныс саласындағы әс­ке­ри және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәсе­лелерін талқылады.

– Екі ел Президенттерінің же­місті саяси үнқатысуының арқасында қазіргі таңда әскери саладағы қазақ-америка ынты­мақтастығы жеткілікті деңгейде дамуда. Біз үшін бітімгершілік мәселелері, әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ әскери білім саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен АҚШ әскери ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтудың басым бағыты болып табылады, деді Әділбек Жақсыбеков.

Өз кезегінде Джон Ордвей АҚШ пен Қазақстанның әскери саладағы ынтымақтастығы соң­ғы жыл­дары белсенді дамып отыр­ғанын және АҚШ-тың «KADEX-2014» ІІІ халықаралық қару-жарақ және әскери-тех­ни­калық мүлік көрмесіне қатысуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар