Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне тағайындаулар жасады. Олар Аркен Өтенов пен Жаслан Мәдиев, деп хабарлайды Egemen.kz
Мемлекет басшысының Өкімімен: Аркен Хамитұлы Утенов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, ол Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;
Мәдиев Жаслан Хасенұлы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.