• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қазан, 2020

216 мың зейнеткер қарттар күніне орай біржолғы төлемақы алады

2221 рет
көрсетілді

"Қарттар күні аясында Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 2,6 млрд теңге көлемінде бір реттік материалдық көмекпен 216 мың зейнеткер қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, 1 қазанда Қазақстанда қарттар күніне арналған айлық басталады. Аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған іс-шаралар республиканың барлық аймақтарында өтеді.