Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов 21 елден ПТР тестілеу сертификатынсыз келген қазақстандықтар ауруханаларда екі күн бойы оқшауланады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
"Қазіргі уақытта Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің эпидемиологтары авиакомпаниялардың, әуежайлардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, 2-санаттағы елдерден (21 елден) Қазақстанға қазаннан бастап рейстермен келетін барлық адамдарға қосымша талаптарды енгізу аясында жұмысты ұйымдастыру бойынша мәселелерді пысықтап жатыр", деді Байғабулов.
Оның айтуынша, авиакомпаниялар Қазақстанға билет сатып алатын жолаушыларға COVID-19-ға қойылатын қосымша талаптар туралы хабарлайды.
"Шетелдік азаматтарда мемлекеттік шекарадан өту кезінде үш тәуліктен аспайтын мерзіммен COVID-19 теріс нәтижесі туралы куәлік болуы керек, әйтпесе олар ұшу әуежайынан әуе кемесіне қабылданбайды.
Ал Қазақстан азаматтары, келген кезде басқарманың анықтамасы болмаған жағдайда, COVID-19 ПТР анализі үшін ауруханада екі күндік карантинге жабылады, деді бас дәрігер.