• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қазан, 2020

Алматы тұрғыны алаяқтықпен ақша жымқырып, шетелге қашқан

137 рет
көрсетілді

Алматыда туыстары мен достарын ірі көлемдегі ақшаға алдап соққан 24 жастағы жігіт ұсталды. Ол ақшаны кепілдікке арналған банктік аукциондарға қатысу сылтауымен иемденген. Алматы полиция департаменті күдіктінің банктермен ешқандай байланысы жоқ деп түсіндірді. Ол кепілдік аукцион жүйесін жақсы меңгерген, деп хабарлайды Egemen.kz

"Ол адамдарды үйді немесе көлікті тиімді түрде нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен сатып алуға болатындығына сендірген. Әрине, бұл үшін қаражат қажет болады. Кейбір әлеуетті клиенттер бірден бірнеше объектілерді алуға үміттеніп, ақша берген. Мысалы, жәбірленушілердің бірі оған 182 миллион теңге, тағы бір аңғал азамат 386 мың АҚШ долларын тапсырған", деді Алматы қалалық қылмыстық полиция департаментінің бастығы Еркін Іңкәров.

Департамент бастығы ер адамның жәбірленушілер алдында ешқандай міндеттемелерді орындамағанын және ойлаған жоқ деп атап өтті. Күдікті өзіне екі пәтер, автокөлік сатып алып, шетелге ұшып кетіпті.

"Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Алматы қалалық ДП уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі - ірі көлемдегі алаяқтық бойынша күдікті болып отыр", деп қосты полковник Іңкәров.

Бүгінде келтірілген материалдық шығын мөлшері шамамен миллион долларға жуық.

"Осы адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан 8-701-666-69-54, 8-707-834-83-33 немесе 102 телефондары арқылы байланысуды сұраймыз", делінген хабарламада.