Беларусь елі коронавирус індетіне қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын республика бойынша вакциналауды бастап та кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Бүгін Минск қаласындағы №28 қалалық емханасының базасында алғашқы екі ерікті өзіне вакцина салдырды.
Ресейдің инвестициялар қоры Беларуссияға клиникалық зерттеулер үшін "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясын да жеткізді. Осыған орай Қор елдегі 100 адамның қатысуымен өтетін арнайы клиникалық зерттеуді қаржыландырып отыр.
Сонымен қатар беларуссиялықтар Ресей Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Н.Ф.Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында әзірленген препаратпен вакцина алуға мүмкіндіктері бар.
Беларуссияның сегіз медициналық мекемесінде клиникалық зерттеулер өтеді. Бұған қоса, тағы екі емхана дозалардың алғашқы партияларын алды.