• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қазан, 2020

Дональд Трамп коронавирус жұқтырды

163 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп және оның әйелі Меланья коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Трамп өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"АҚШ-тың бірінші ханымы екеуміз коронавирусқа тест тапсырдық, оның нәтижесі оң болып шықты. Біз дереу карантинге шығып, ем қабылдауға кірістік", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамптың кеңесшісі Хоуп Хикстан коронавирус анықталғанын хабарлаған едік. АҚШ Президенті ПТР тест нәтижесі шыққанша карантинге кеткен болатын.