Бір жыл ішінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты үш мыңнан астам шағым түскен. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ресми сауалға берген жауабында хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz
Агенттік шағымдардың көп бөлігі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы туралы келіп түсетіндігін нақтылады.
Сонымен қатар, өтініштерді қарау тәртібі және бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу ережелерін бұзу туралы шағымдар бар.
Бұл тізімге кәсіби этика нормаларын бұзу да енгізілген. Дөрекі әрекеттері үшін лауазымды адамдар тәртіптік жазаға тартылады.
"Жоғарыда аталған комиссия отырысының нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілер - құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты - сөгіс, қатаң сөгіс, толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту, қызметінен босату туралы жаза тағайындауға болады", деп хабарлады ведомство.
Өткен жылы қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерге қатысты 6 931 шағым түскен.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде шенеунік Қаскелең қаласының тұрғындарымен дөрекі сөйлесіп, темекі тұқылын жерге лақтырғаны туралы видео тараған болатын. Кейін әкімдік қызметкеріне айыппұл салынып, оны жазалаймын деп уәде берді.
Сондай-ақ, өзінің алғашқы жұмыс күнінде Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов Талдықорған тұрғындарының ашуын келтірді. Қала тұрғындары оның менсінбейтін қылықтарына шағымданды. Жанжалдан кейін шенеунік халықтан кешірім сұрады.