Шымкент қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәлімдеуінше, күйеуіне жағдай жасау үшін түрме басшылығына пара бермек болған 42 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz
"Шымкент қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/11 мекемесінің басшылығына пара бермекші болған 42 жастағы әйел ұсталды. Әйел қамауда отырған азаматтық некедегі күйеуіне жазасын өтеу кезінде ыңғайлы жағдай жасауды сұрап, 1500 доллар (645 045 теңге) көлемінде заңсыз сыйақы бермек болған", делінген хабарламада.