• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қазан, 2020

Каспий теңізінде Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтті

205 рет
көрсетілді

Бас қолбасшы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың басшылығымен батыс өңірде әскери-теңіз күштері бөлімдерімен командалық-штабтық оқу жаттығу аяқталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Теңіз полигондарының су айдынында қарулы қақтығыста жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу үшін жағдай жасалды.

Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кемелердің тактикалық тобы теңізге шықты. Әскери теңізшілер шартты қарсыласты келтіру үшін су үсті әуе нысаналары корабльдік-жауынгерлік атыстарын орындады. Оқу-жаттығуға әскери авиация экипаждары тартылды.

Оқу-жаттығуда басқару органдары мен кеме командирлерінің дайындық деңгейін анықтауға, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде қатысушылардың тәжірибелік дағдылары мен өзара іс-қимылдарын пысықтауға мүмкіндік берді.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру, оқу-жаттығуға қатысушылардың жоғары моральдық-психологиялық жай-күйі мен жауынгерлік рухын көтереді.

Соңғы жаңалықтар