• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қазан, 2020

АҚШ әуе компаниялары 32 мың қызметкерін қысқартпақ

159 рет
көрсетілді

АҚШ әуе компаниялары коронакризиске байланысты 32 мың қызметкерін қысқартады. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.

Жаппай жұмыстан шығару Американ Эйрлайнс және Юнайтед Эйрлансқа қатысты болмақ. Пандемия кезінде шығынға батқан компанияларға көмек көрсетуді ұзарту мәселесін қазір Ақ үй мен спикер Нэнси Пелоси қарастырып жатыр. Десе де соған қарамастан әуе ұйымдары жұмысшылар санын қысқартуға мәжбүр. Айта кетейік, экономиканы қолдау мақсатында билік әуе компанияларға 25 млрд доллар қаражат бөлген. Тиісінше жұмыс берушілер жұмыс орындарын сақтап қалу керек болатын. Бірақ бұл бағдарламаның мерзімі 30-шы қыркүйек күні аяқталды. Сарапшылардың болжамынша, АҚШ әуекомпаниялары биыл 30 млрд доллар көлемінде шығынға батуы мүмкін.