• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қазан, 2020

Петропавлда жол көлік оқиғасы орын алды

382 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні Петропавлдың Мүсірепов және Уәлиханов көшелерінің қиылысында "Аudi С4" автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі қапталдағы арақашықтықты сақтамай, бір бағытта кетіп бара жатқан "Daewoo" автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Соқтығысудан кейін ол жүргізген  "Аudi С4" көлігі тоқтамай, қатты жүрісін жалғастырып, бағдаршамға барып соғылды. Ал жүргізушінің өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Апат нәтижесінде оның көлігі тұтанып, өрттене бастаған. Жедел келіп жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды тез арада сөндірді. Көлік құралы айып тұрағына қойылды.

Жол-көлік оқиғасын жасағат жігіт жақын маңдағы үйлердің бірінің ауласынан ұсталды. Алынған сараптамаға қарағанда ол орташа алкогольдік масаң күйде болған. Денесіне жарақат түскендіктен ол алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ол жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді.

Екінші жүргізуші жол-көлік оқиғасынан зардап шекпеген, тек көлігі зақымданған. Қазір полиция жол-көлік оқиғасын жасау фактісі бойынша әкімшілік материал жинап, процессуалдық шешім қабылдау үшін оны Петрпавл қаласының ПБ әкімшілік полиция бөліміне жіберді.