• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтан 15 қазаннан бастап карантинге жабыла ма?

1126 рет
көрсетілді

Алдағы 15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылатыны туралы ақпаратқа қатысты Үкімет жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Дауыстық хабарламаның авторы белгілі болды. Ол өзінің Әнуар есімді танысына қаладағы істерін тезірек аяқтауға шақырды. Сондай-ақ 15 қазаннан бастап Нұр-сұлтанға кіру және шығу жолдары жабылады деп хабарлама жібереді.

Ведомствоның мәліметінше, қала маңында блокпосттарды қою туралы ақпарат шындыққа жанаспайтындығын айтады.

"Құрметті азаматтар! Әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа сенбеуді және ақпараттың ресми дереккөздеріне сүйенуді сұраймыз. Соның ішінде ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіні бақылау комитетінің ресми сайтына және Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтына, сондай-ақ Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналындағы ресми деректерге жүгінуді талап етеміз", дейді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Осындай көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ол ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.