• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қазан, 2020

Көгілдір отынға берешек – 1 млрд теңге

228 рет
көрсетілді

Қызылордада кәсіпорындар мен әлеуметтік сала нысандарының алдағы жылу беру маусымына дайындығы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Жауапты мекемелердің маусым алдын­дағы мәліметіне сүйенсек, коммуналдық кәсіпорындардың жөн­деу жұмыстары 97 пайызға орындалса, әлеуметтік сала нысандары мен автономды қазандықтар маусымға толық дайын. Орталық­тандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің әзірлігі де пысықталып жатыр.

Облыстағы 1 185 әлеуметтік ны­санға биылғы қыстан шығу үшін 39,5 мың тонна көмір және 26 мың тонна сұйық отын қажет. Әлі де газ жете қоймаған елді мекендердегі тұр­ғын­дарға 163,6 мың тонна көмір керек. Жалпы өңірде 30 көмір қой­масы бар.

– Қазір тұрғындарға қа­жет­­ті кө­­мірдің 85 мың тоннасы жет­­­кі­зіл­ді. Көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында өнді­ру­ші кә­сіпорындармен тікелей келі­сім­шарт жасау бағытында жұмыстар атқарылуда. Қысқа дайындықты об­лыстық штаб тұрақты бақы­лау­­да ұстап отыр, – дейді облыс­тық энергетика және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық бас­қармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қы­зыл­­орда өндірістік филиалы алдағы жылу маусымына байланысты газды қауіпсіз пайдалану бағытында айлық жариялап отыр. Шара аясында филиал өкілдері тұтынушыларға нұсқаулықтар мен жадынамалар тарата отырып, түсіндірме жүргізетін болады. Қауіпсіздік талаптары өрескел бұ­зылған жағдайда нысан газ жүйе­сінен ажыратылады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызы­лорда өндірістік филиалы дирек­торының бірінші орынбасары Ермек Қалдығұлов тұтынушыларда газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт­тардың болуы керегін айтып отыр. Сондай-ақ тұтынушылар тү­тін және желдету арналарын мез­гілді тексеруден өткізіп, тазалап жарам­дылық туралы актілерін алуы керек, қауіпсіздік мақсатында метан мен СО улы газына сигнализатор орнатқаны жөн.

Коммуналдық қызмет төлем­ақы­сының жиналуы түйінді мәселенің бірі екені рас. Осыған бай­ланыс­ты қазір «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ филиалы мен «РЦКУ-Қы­зылорда» ЖШС мамандары бір­лескен рейд өткізіп, қарызы қорда­ланған тұтынушыларды газдан ажы­ратуға мәжбүр.

Қазір тұтынушылардың газға бе­решегі 1 млрд теңгеден асқан. «Қаз­ТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ ма­ман­дары тұтынушы түбіртек пара­ғына сәйкес әр айдың 25-не дейін төлем жасауы қажеттігін ескертіп отыр.

Осындай қиындықтарға қара­мас­тан жылу беру маусымы мерзімін­де бас­талады. Жауапты мерзімді ойда­­ғыдай өткізу үшін жан-жақты да­йындық жасалған.

 

Қызылорда