• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Қазан, 2020

Шығыстарын 18,5 млрд теңгеге оңтайландырды

167 рет
көрсетілді

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ағымдағы шығыстары мен күрделі сипаттағы шығыстары 2020 жылы 18,5 млрд теңгеге қысқартылды. Қысқарту шаралары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» АҚ жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.

Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазынаның» құрамына кіретін компаниялардың алдына кең ауқымды міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілген болатын, солардың қатарында өз­дерінің өндірістік қызметіне тікелей әсер ет­пей­тін шығыстарды қысқарту, компаниялардағы бас­шылық лауазымдар мен вакансияларды қыс­қарту тұрғысынан ұйымдық құрылымдарын қайта қарау және т.б. жұмыстар қолға алынды.

2020 жылға жоспарланған шығыстарды талдау қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ консультациялық, аудиторлық және заңгерлік қызметтермен, бағдарламалық жасақтаманы сүйемелдеумен және жаңартумен, резерв жасау және автокөлікті ұстау шығындарымен байланысты және өзге де ағымдағы шығыстарын қыс­қартты. Операциялық шығыстарымен қатар, компания күрделі сипаттағы шығыстарын да қайта қарады, бұл бойынша оңтайландыру 15,8 млрд теңгені немесе жалпы инвестициялық шығыс­тардың 13%-ын құрады.

Еліміздің аса ірі электр энергетикалық холдингі күрделі эпидемиялық ахуал кезінде өзінің қызмет­керлерін қолдау үшін қажетті шараларды қолға алды. Карантин кезеңінде компанияның электр стансалары мен кәсіпорындарында жұмыс орындарын қысқартуға, жалақыны кешіктіруге жол берілмеді, сондай-ақ еңбек заңнамасында және ұжым­дық шарттарда белгіленген өтемақылар төленіп, жеңілдіктер қарастырылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикасы және көмір өндіру салаларындағы жұмысы штаттық режімде іске асырылуда.

Жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 30,5 млрд кВт сағ деңгейінде, 2019 жылмен салыстырғанда өсім 0,3 млрд кВт сағ болады деген болжам жасалуда (2019 жылы өндіру көлемі 30,2 млрд кВт сағатты құрады).