• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Қазан, 2020

Әлем кубогында топ жарды

258 рет
көрсетілді

Бұл күндері Мажарстанның Сом­батхей қаласында спорттық гимнас­тикадан Әлем кубогы өтіп жатыр. Ха­лықаралық турнирге қатысып жат­қан қазақстандық спортшылар жарыстың алғашқы күнінде тұғырдың ең биік сатысынан көрінді.

Әлемдік доданың бірінші жарыс күнінде өнер көрсеткен жерлесіміз Нариман Кур­банов спорттық ат снаряды бойынша қарсыластарынан қара үзіп, Әлем кубо­гының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар еркін жаттығу бойынша сайысқа түскен Ілияс Азизов алтын жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрініп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Милад Карими финалда 3 санат бойын­ша бақ сынайды.