Ел аумағында құс тұмауы вирусының жайылуына байланысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары құс атуға, жабайы құстың етін тұтынуға тыйым салу керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құс тұмауы вирусының салдарынан Қазақстанның бірқатар облыстарында және Республикалық маңызы бар бір қалада құстардың жаппай қырылуы анықталған.
"Ветеринарияның ұлттық референттік орталық мәліметтеріне сүйенсек, жоғары патогенді құс тұмауының көзі жабайы құстардың миграциялануынан. Бұл өліп қалған жабайы құстарды зерттеу нәтижелерімен расталады", деп хабарлайды инспекция мамандары.
Осыған байланысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері жабайы құстардың етін жеуге және аң аулауға тыйым салуды ұсынып отыр.
Шығыс Қазақстан облысы