• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2020

Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді

997 рет
көрсетілді

Қазір құстар шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, Ақтауға қоқиқаздар Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген. 

Ауа райы оңтүстікте суытқан соң, яғни Хазар қорығына немесе одан да әрі Иран жаққа өтіп кетеді.

Қаракөл аумағы – "Қызыл кітапқа" енген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл жер табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында. Айта кетейік, қызғылт түстес, ірі денелі құстар, негізінен тропикалық елдерде ұя салады.