• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қазан, 2020

Түркістан облысында 23 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді

641 рет
көрсетілді

Сарыағаш ауданы Дербісек ауылының 23 жастағы тұрғыны Еркінай Есенбаева №1 облыстық перинаталды орталықта дүниеге үшем алып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің денсаулығы сыр беріп, сәбилерін мерзімінен ерте - сегіз айда босанған. Ана мен бала өміріне қауіп төндірмес үшін дәрігерлер кесар тілігі арқылы босандырған. Екі ұл мен бір қызды өмірге алып келген жас ана мен нәрестелердің қазіргі жағдайы жақсы және дәрігерлердің арнайы күтімінде. Тұңғышын 18 жасында босанған, үйдегі ұл мен екі қыздың қатарына үшем қосып, көпбалалы ана атанған Еркінайдың дәрігерлерге айтар алғысы шексіз. Отбасымен ақылдаса келе анасы нәрестелеріне Ақжан, Маржан және Бақжан есімдерін беріпті.

Жалпы, Түркістан облыстық нөмірі 1-ші перзентханада биыл 155 егіз және 3 үшем дүниеге келген. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, аймақта туу көрсеткіші де былтырғы жылмен салыстырғанда артқан. Жыл басынан бері өңірде 45030 сәби дүние есігін ашқан.

 

Түркістан облысы