• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Қазан, 2020

Грузияда 46 бала уланып, ауруханаға түсті

215 рет
көрсетілді

Грузияның Гори қаласында балалар жаппай уланып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Деректерге сүйенсек, жергілікті тұрғындар судың сапасына ұзақ уақыт бойы шағымданып келген. Балалардың жаппай улануына ауыз суының сапасы себеп болған. Қазіргі таңда су тарату компаниясы сараптамаға сынамалар алуда.

"Соңғы тәулікте бізге жүрек айнуы мен диареяға шағымданған 46 пациент келіп түсті, олардың 16-сы педиатрия бөлімшесінде, ал қалғандарына медициналық көмек көрсетілді", - деді жергілікті аурухананың дәрігері.