• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қазан, 2020

Ер адам такси тұрағына жету үшін көлікті айдап кеткен

430 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны такси тұрағына жету үшін көлікті ұрлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көлігін ұрлау фактісі бойынша ер адам полицияға жүгінді. Жүргізуші үйге келіп "Жигули" маркалы көлігін үйдің ауласына тастап кеткен, келесі күні тұрақта машинасы жоқ болып шыққан", деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Полиция қызметкерлері көлік ұрлаған күдіктіні анықтап, ұстады.

"Полицияға жеткізілген 41 жастағы бірнеше рет сотталған азамат болып шыққан, сонымен қатар ол такси тұрағына жету үшін көлікті біраз уақытқа алғанын айтады. 

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 200 - бабы ("Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", деп толықтырды полиция департаменті.