• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қазан, 2020

Ерлан Тұрғымбаев өз балаларын ұрып-соққан ер адамның ісіне қатысты пікір білдірді

604 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысында өз балаларын ұрып-соққан әкенің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Түркістан облысындағы жағдайға келсек, балалардың анасы бұған дейін де күйеуінің үстінен бірнеше рет шағым түсірген. Бірақ арыз жазбаған, күйеуінен ажырасуға өтініш бермеген. Бұл жерде полицейлердің жұмысын айқындайтын өзіндік заңнамалық тұстар бар. Біз шағымсыз ол әйелдің жолдасын 3 сағаттан артық қамауда ұстай алмаймыз. Сондай-ақ себепсіз әкімшілік жауапкершілікке де тарта алмаймыз", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Айта кетейік, кеше әлеуметтік желілерде ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасы тарады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі "Азаптау" бойынша тіркелді. Полицейлер оқиғаның Түркістан облысында болғанын анықтады. Көп ұзамай балаларын ұрып-соққан әке қамауға алынды.