Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қалалық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Испергеновты тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қуандық Хайдарұлы Испергенов 1970 жылы 8 шілдеде Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққараға ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Рудный индустриалдық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша және Қостанай әлеуметтік академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Бұған дейін Бейімбет Майлин ауданының әкімі қызметін атқарған.
Қостанай облысы