• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2020

Қоғамдық кеңес мүшелері "City Transportation Systems" жұмысымен танысты

241 рет
көрсетілді

Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері "City Transportation Systems" ЖШС-нің жұмысымен танысты. Шараға қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Сансызбай Есілов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"City Transportation Systems" өкілдері соңғы жылдары көлік ағынын оңтайландыру, бағдаршамдарды реттеу, қоғамдық көліктердің іркіліссіз жүруіне кепілдік етудегі атқарылған жұмыстарды атап өтті.

"Жаңа технологияларды қолдану – "ақылды қала" жобасының басты қағидаларының бірі. Жаңа технологиялар ірі қалалар ішіндегі көлік жүйесіне аса қажет. Соңғы жылдары елордада диспетчерлік және мониторингтік жүйені іске қосу арқылы автобустар қозғалысын мобильдік қосымша арқылы қадағалау жүйесі енгізіліп, қоғамдық көлікті оңтайландыру жұмысы оң шешімін тапты. Цифрландыру жұмыстарының нәтижесінде көлік қозғалысына қатысты басқа да көптеген мәселе шешімін тапты", деді "City Transportation Systems" ЖШС Төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітов.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі - консультативтік-кеңесші, қадағалаушы орган. Кеңесті жергілікті мемлекеттік органдар коммерциялық емес ұйымдармен және белсенді азаматтармен бірлесе құрған.