• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қазан, 2020

Биыл егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталды

838 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл егін жинау жұмыстары өткен жылға қарағанда бір ай бұрын аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қазіргі кезде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау бойынша жалпы егін жинау алаңы 99,5 пайызға аяқталғанын баяндауға рұқсат етіңіздер. Республика бойынша егін жинау алаңы 15,8 млн гектарды құрады, гектарына 12,8 центнер орташа өнімділікпен 20 млн тонна астық бастырылды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің алынған көлемі елдің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге және 7-8 млн тонна астық көлемінде экспорттық әлеуетті іске асыруға мүмкіндік береді", дейді С.Омаров.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, егін жинау жұмыстары өткен жылға қарағанда бір ай бұрын ерте аяқталған. Бұған қолайлы ауа-райы мен шаруалардың техникалық дайындығы ықпал етіп, 2019 жылмен салыстырғанда элеваторларға 1 млн тонна астық әкелген. Бұл ретте келіп түскен астықтың 80 пайызының сапалық сипаттамалары жоғары, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 54,4 пайызды ғана құрағанын атап өтті.