Бүгін Жітіқара ауданындағы "Желқуар" шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылып, шекараның арғы бетінен бері өткендердің міндетті түрде қызуы өлшеніп, сауалдама алына бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Сондай-ақ, бүгін Жітіқарада 40 орындық карантиндік стационар қайта ашылды. Бұл туралы аудан басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды. Короновирус індетіне қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб аудандағы эпидемиялық ахуалды сараптай келе осындай шешім шығарған.
Қостанай облысы