Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Асылбек Олжабаев "Түймаада" халықаралық олимпиадасының биылғы алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ осы мектептің екі оқушысы Альдинаш Сейтенов пен Әбдіразақ Нұрасыл және талдықорғандық зияткер Махмұт Омар жарыстың қола медальдерін қанжығалады.
Якутияның ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін халықаралық олимпиада биыл пандемия жағдайына байланысты алғаш рет қашықтан өтті. Әдеттегідей, 18 жасқа дейінгі оқушылар қатысты. Информатика, физика, химия пәндері шегеріліп, жарыс бағдарламасына жалғыз ғана пән – математика енгізілді.⠀