• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қазан, 2020

Еліміздегі әуежайларда зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

299 рет
көрсетілді

Еліміздегі әуежайлар жыл басынан бері шамамен 6,2 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың тиісті көрсеткішінен (11,8 млн адам) 47%-ға аз, деп хабарлайды Egemen.kz

Осы кезеңде 3,2 млн жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш те өткен жылдың сәйкес кезеңімен (5,6 млн жолаушы) салыстырғанда 43% төмен.

Бұған әлемде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстан аумағында әуе рейстерін орындауға енгізілген шектеулер әсер етті.

Қазіргі уақытта ішкі рейстер, сонымен қатар Оңтүстік Корея, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Түркия, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет және Ресей сияқты 11 елге тікелей халықаралық жолаушылар рейсі қатынап жатыр.

Барлық рейстер Көліктегі Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздіктің шараларын қатаң сақтай отырып орындалады.

Еліміздің барлық әуежайларында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылып, карантиндік шаралар (әлеуметтік қашықтық, бетперде тағу, қолғап кию) сақталады. Әуежай ғимараттарына кіреберісте жолаушылар мен әуежай қызметкерлері арасында қашықтық сақтап, термометриямен өлшеу жүргізіледі.