Рейдтік шара кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Шемонаиха ауданы, Үлкен Өзен ауылынан 7 шақырым жерде өлген аюдың қалдықтарына кез болған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында тіркелмеген екі ұңғылы тегіс мылтықпен аю атып, етін бөлшектеп, өзімен алып кеткен 26 жастағы Үлкен Өзен ауылының тұрғыны ұсталды.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде: тіркелмеген екі ұңғылы тегіс мылтық пен оқтары, пышақ, мотоцикл және елуден аса полиэтилен пакетіне салынған аюдың еті тәркіленді, - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.
Орын алған оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 337 бабы, 1 бөлігі (Заңсыз аңшылық) негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысы