• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қазан, 2020

Нобель сыйлығы химия саласы бойынша екі ғалымға берілді

437 рет
көрсетілді

Химия саласы бойынша 2020 жылғы Нобель сыйлығы Эммануэль Шарпантье мен Дженнифер Дуднеге табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

 

Олар геномды редакциялау тәсілін ашқаны үшін осы марапатқа ие болды. Нобель комитетінің мәлімдемесінде биылғы сыйлық "өмірдің кодын өзгерткені үшін" берілгені айтылған.

Физика саласы бойынша Роджер Пенроуз, Рейнхард Генцель мен Андреа Гез Нобель сыйлығының лауреаттары атанды.

Сонымен қатар, Физиология және медицина саласындағы биылғы Нобель сыйлығының лауреаттары Харви Ольтер және Чарльз Райс атты екі американдық пен британдық Майкл Хоутон болды.