• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қазан, 2020

Қызылордада кәсіппен айналысуға жеңілдетілген несие берілуде

323 рет
көрсетілді

Облыста "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге шағын несие беру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бағдарламаға сай "Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы берілетін несие сомасы 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін. Мерзімі 5 жыл.

Облыстық кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы Гаухар Елеусінованың айтуынша шағын несиенің пайыздық мөлшерлемесі 17,5%. Соның ішінде инвестициялық мақсатқа берілген несиелердің бастапқы үш жылында, ал  айналым қаражатына берілетін несиенің әуелгі екі жылында кәсіпкер пайыздық мөлшерлемені 6%-бен төлесе, мемлекет тарапынан 11,5%-ы субсидияланады.

"Бағдарлама аясында несие алуға ниет білдірген азаматтар кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы мен аудандардағы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен қажетті сауалдарына жауап ала алады", дейді Гаухар Елеусінова.