• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қазан, 2020

«Шеврон» компаниясы Қазақстанға дәрі-дәрмек жеткізді

335 рет
көрсетілді

«Шеврон» корпорациясының бастамасымен COVID-19 індетімен ауырған науқастарды емдеуге қажетті дәрі-дәр­мек­­тің бірінші топтамасы Алматы қаласына жеткізілді.

 

Аталған компания бұл ме­д­­ициналық дәрі­лер­ді Ден­сау­лық сақтау минис­тр­лігіне көрсетілген гумани­тар­лық көмек аясында сатып алып, жеткізді.

– «Шеврон» компаниясы үнемі әлеуметтік жауап­кер­шілік танытып, Қазақ­стан­дағы өзекті мәселе­лер­ге ешқашан бейжай қара­май­­ды. Елімізге көрсеткен гума­ни­тар­лық көмек үшін, дәрілер үшін компанияға алғыс айт­қым келеді. Қазақстандағы коронавирус инфекциясы мен пневмонияның таралуын осылайша бірігіп тоқтата аламыз, – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

«Шеврон» компаниясының Еуразия бөлімшесінің басқару­шы директоры Джон Балтц Алматы қаласына дәрі-дәр­мек­тердің бірінші топтамасы келгенін қуанышпен хабарлап, компания осындай қайы­рымдылық жобасымен Қазақстан халқына күрделі кезең­­де қолдау көрсеткісі кел­ге­нін мәлімдеді. Бұл дәрі-дәр­мек­тің бәрі емханалар мен ауру­ханалардағы пациенттерге жеткізіледі.

Мемлекеттің пандемияға қарсы күресіне көмектесу үшін «Шеврон» Денсаулық сақтау минис­трлігімен бірлесе оты­рып, аса қажетті дәрі-дәр­мек­ тізімін құрды. Дәрі-дәрмекті жеткізумен қатар, бұл бағдарлама меди­ци­на­лық жабдықты сатып алуға және COVID-19 інде­ті­не шалдыққан адамдарды ем­дейтін денсаулық сақтау са­ласының қызметкерлерін оқы­ту­ға септеседі.

Айта кетсек, «Шеврон» корпорациясы – әлемдегі жетекші біріктірілген энергетикалық компаниялардың бірі. Бүкіл әлемде бизнесін жүргізетін еншілес компаниялары арқы­лы компания энергети­ка са­ласының барлық түріне қа­ты­сады. «Шеврон» шикі мұнай мен табиғи газды зерттейді, өндіреді және тасымалдайды, көлік отыны мен жанармайды тазартады, нарыққа шығарады және таратады; мұнай-химиялық заттар мен қоспаларды өндіреді; қуат өндіреді және компания операцияларының бар­лық саласындағы бизнес құн­ды­лық­тарын арттыратын технологияларды дайындайды және қолданады.