• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Өнер 08 Қазан, 2020

"Жібек" спектаклі Оңтүстік Кореядағы халықаралық фестивалде көрсетіледі

112 рет
көрсетілді

«Жібек» спектаклі Оңтүстік Кореядағы беделді Daegu International Musical Festival (DIMF) ұсынылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Қойылым 26-27 қазан аралығында фестиваль YouTube арнасында көрсетіледі.

«Жыл сайын Тэгу қаласында өтетін бұл шара Нью-Йорк музыкалық фестивалінен (NYMF) кейін театр сүйер қауым үшін ең маңызды мәдени оқиға. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен үздік мюзиклдерді таңдап, корей көрермендеріне таныстырады. Фестиваль бағдарламасында «Жібек» спектаклінен басқа, 8 елдің мюзиклдері болды», – делінген мәдениет басқармасының хабарламасында.

Ғабит Мүсіреповтің (композиторы - Е.Брусиловский) «Жібек» мюзиклі мәңгілік махаббаттың қайғылы оқиғасы туралы баяндайтын қазақтың осы аттас эпопеясына негізделген. Қазақ халқының мәдениеті мен құндылықтарын бейнелейтін қойылымның режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. «Қыз Жібек» лирикалық шығармасының жаңартылған нұсқасы «Жастар» театрының репертуарындағы ең жарқындардың бірі және фестивальдар мен байқауларда бірнеше рет марапаттарға ие болды.