Димаш Құдайберген «Michael Kors» брендімен серіктестігін жариялады. Мақсат БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арқылы әлемдегі ашаршылық мәселесіне назар аудару. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.
«Мен @MichaelKors #FoodIsLove @WorldFoodProgramme (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы) жобасын қуана қолдаймын. Олардың балаларды тамақтандыру арқылы әлемдегі азық-түлік мұқтаждығын жою мақсаты маған жақын, әсіресе пандемия кезінде. Сатылған әр “Love” футболкаларынан түскен қаржы түгел ДАБ –қа аударылады (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы). Маған оларға қолдау таныту үшін сіздердің көмектеріңіз қажет-футболкамен суретке түсіп #WATCHHGGERSTOP және @michaelkors тегтеңіз. Әр пост пен сторис үшін «Michael Kors» БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына 50 адамдық түскі ас бөледі! Сілтемесі БИО-да», – деді Димаш.