• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтан көшелерінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша билбордтар ілінген

405 рет
көрсетілді

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі билбордтар қаланың 20 магистральдық көшесіне және 40-қа жуық қоғамдық көлік аялдама кешендеріне орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Түрлі-түсті билбордтар елорда халқының АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі хабардарлығын арттыру, стигма мен дискринимация проблемаларына және  АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарының сақталуына жұртшылықтың назарын аудару.

Аталған акцияны АИТВ-ға тест тапсыруға үндеумен ЮНЕЙДС-тің Қазақстандағы "Спорт АИТВ-ға қарсы" арнайы өкілі, Олимпиада чемпионы, еліміздің жеті дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Бақтияр Артаев қолдады.

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры С.Б. Абдраимовтың айтуынша, АИТВ-ға тестілеу – АИТВ-ның алдын алу қағидаттарының бірі, ал өз мәртебесін білу бүгінгі күні АИТВ-инфекциясының эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірінші дәрежелі мәнге ие.

"Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, АИТВ-инфекциясының эпидемиясы жалғасуда және оның халықтың осал топтарының шегінен жалпы халыққа шығуы айқын болды. Осылайша 2020 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша АИТВ анықталған адамдардың жартысы-тұрақты жұмысы мен табысы бар әлеуметтік-бейімделген адамдар. Барлық жұқтырғандардың шамамен 70%-ы 20-39 жас аралығындағы жастар. АИТВ-инфекциясының таралуында жыныстық жол басым рөл атқарады, оның үлесі жыл сайын өсіп келеді. Жас ерлер арасында гомосексуалдық қарым-қатынас кезінде АИТВ жұқтырудың өсу үрдісі байқалды. Осының барлығы АИТВ-мен сырқаттанушылықтың ұлғаю қаупін туғызады", деп АИТВ-инфекциясын эпидемиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Инжу Аймагамбетова атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша АИТВ-ның 185 жағдайы тіркелді.

ЖИТС орталығында диспансерлік есепте 1271 АИТВ жұқтырғандар тұр, 1117 адам антиретровирустық терапия алады.