• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қазан, 2020

Алматы облысында мал ұрлығы азайды

198 рет
көрсетілді

Облыс көлемінде өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде өңірде мал ұрлықтарының саны азайған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Бұл бағыттағы қылмыстардың жолын кесу мақсатында мал ұрлықтарының алдын алу бойынша жоспар әзірленді. Оны іске асыру аясында  облыс көлемінде 1149 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 61 – негізгі аудандық жолдарда, тағы 1088 мал сою және өткізу орындарында. Жыл соңына дейін тағы 250 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар келесі жылы облыстың 11 ауданында 886 камера орнатуға жобалық – сметалық құжаттама әзірленді”,- деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.