2021 жылдың 12-13 наурызында Халықаралық Олимпиада комитетінде (ХОК) президент сайлауы өтеді деп жазады Olympic.kz.
Сайлау келесі жылы Афиныда өтетін ХОК-тің 137-ші сессиясына жоспарлаған. Айта кетелік, ХОК-тің қазіргі президенті, семсерлесуден Олимпиада чемпионы Томас Бахтың президенттік қызметтегі алғашқы мерзімі аяқталуға жақын.
Ол сегіз жылдан бері Халықаралық Олимпиада комитетін басқарып келеді. Егер Бах жеңіске жеткен жағдайда ұйымды тағы төрт жыл басқарады.