Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қазан күні сағат 17:16 шамасында Жетісу ауданы Ангарская көшесі, 133/А мекенжайында қойма өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде бір қабатты бөлек тұрған ғимарат өртеніп жатқаны белгілі болды. Қойма түгел темір конструкциядан жасалған. Ғимарат электр энергиясынан ажыратылған. Өрт сөндірушілер басқа ғимаратқа көшу қаупінің алдын алды", деді ТЖД баспасөз қызметі.
Ірі өрт 22 минутта ауыздықталды. Қызыл жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр.