• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әдебиет 12 Қазан, 2020

Сағыныш-ғұмыр

619 рет
көрсетілді

Жуырда ақын, әнші-сазгер Елена Әбдіхалықованың «Менің жалғыз жұлдызым» атты жыр жинағы мен «Сағыныш-ғұмыр» атты ән жинағы жарық көрді.

Жыр кітабында ақынның өлең­дері һәм қазақтың ардақты қалам­герлері Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова туралы мақалалары берілген. Ал партитуралар жина­ғына автордың әр жылдары жазған таңдамалы әндерінің эстрадалық-симфониялық оркестрге арналған партитуралары мен ноталары ен­гізіліпті.

«Профи Медиа» баспасы­нан әрқайсысы 2000 данамен басылып шыққан қос кітап Маңғыс­тау облысының әкімі Серікбай Өтел­генұлы Трұмовтың қолдауымен жария­ланып отыр.

Талантты сазгер ән кітабына жаз­ған алғы сөзінде: «...Менің ғұ­мырым – Сағыныш. Кімді?.. Нені?.. Не үшін?.. Білмеймін. Бірақ кеу­демді үнемі сағыныш кернейді де тұрады...

Сол сағыныштарымның саз-үнін осы кітап жеткізгей...» дейді. Автор­дың сағынышқа толы сазды әуендері әр қазақтың жүрек түкпі­рінде сақталған.

Ақын шығармашылығына зор табыс тілейміз.