• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қазан, 2020

Атырауда Каспий теңізінің жағалауы тағы да өртенді

806 рет
көрсетілді

Каспий теңізінің жағалауында өскен қамыстың өртенуі тоқтар емес. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 10 қазанда жағалаудағы батпақты жерде тағы да қамыс өрті тұтанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әзірге өрттің қанша аумақты шарпығаны анықталған жоқ. Қамыс өртінен елді мекендерге қауіп төнбеді. Себебі өрт теңізге қарай бет алған. Десек те, қызыл жалын құрсауында қалған "ВАЗ-21214" маркалы көлік пен "Фрегат" резеңке қайығы жанып кеткен.

Неден тұтанғаны белгісіз өртті сөндірге Төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері, автоцистерна мен жол талғамайтын "Трэкол" көлігі аттанған.

 

Атырау облысы