11 қазанда Сенат депутаты Талғат Мұсабаев ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясынан Тәжікстандағы президент сайлауында халықаралық байқаушылар тобының құрамындағы жұмыстарға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мониторинг жүргізетін топ Оли Мәжілісі(Парламенттің) екі палатасының басшылығымен, Тәжікстан президенті лауазымына үміткерлермен, Тәжікстан Республикасы Сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссиясының басшылығымен кездесті.
Тәжікстан Парламентінің төменгі палатасының Төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының сайлауды байқаудың демократиялық институтын дамыту ісіндегі маңызды рөлін атап өтті. Ол Достастық елдерінің парламентшілерінің нәтижелі әрі тиімді жұмыс атқаруына тілектестігін білдірді.
Сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссияның төрағасы Тәжікстанның округтік және учаскелік сайлау комиссияларының қызметі туралы айтып берді. Ол сайлауға 167 халықаралық байқаушы мен түрлі елдерден 270-тен астам журналист тіркелгені туралы шетелдік делегаттарды хабардар етті.
Тәжікстан аумағында президент сайлауына 68 округтік және 3375 учаскелік сайлау комиссиялары құрылған болатын, сонымен қатар 29 шет елде дауыс беруге арналған тағы 39 учаске ашылды.