• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қазан, 2020

Ауласында қарасора өсірген тұрғын ұсталды

423 рет
көрсетілді

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің  есірткіге қарсы  күрес басқармасы қызметкерлері  Мәртөк ауданындағы Аққайың ауылындағы бір тұрғын үйдің ауласынан он түп қарасора өсімдігі мен осы үйдің сарайынан  2 килограмм 300 грамм марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру деректері бойынша үй қожайынының үстінен   қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды. Аққайың ауылында алаңсыз қарасора өсірген азамат  ендігі жерде Қылмыстық Кодекстің  "Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен" жұмыс істегені үшін және   "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" баптарымен айыпталып, тергеу жүргізілуде.

Егерде қарасораны қандай мақсатпен өсіргені және сарайына  екі килограммнан асатын  марихуананы   не үшін сақтағаны анықталатын болса, ол Қылмыстық Кодекстің 296-бабының  4-бөлігімен үш жылдан жеті жылға дейін мерзімге қылмыстық жаза арқалайтын болады.

Айта кету керек, ақтөбелік полицейлер осы жылдың басынан бері 500 килограмнан асатын есірткі заттарын тәркіледі.

 

Ақтөбе облысы