• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қазан, 2020

Шығыс Қазасқтанда пешке от жақпақ болған мектеп оқушылары қайтыс болды

351 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанда апалы-сіңілі мектеп оқушылары көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды. Құтқарушылар кішкентай қыздардың үйде жалғыз болғанын және пешті өздері жақпақ болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

 

Қайғылы оқиға болған күні 15 және 7 жастағы апалы-сіңлілі Секисовка ауылындағы апайының үйінде болған. Оқушы қыздар пешті жағып, өздері жатып қалады. Таңертең қыздардың анасы оларды ес-түссіз күйде тапқан. Келген жедел жәрдем дәрігерлері балалардың екеуі де қайтыс болғанын мәлімдеді. Мамандар қыздардың көміртек тотығымен уланғанын растады.

"Қайғылы жағдайға жылу пешінің мұржасындағы жабық ысырма себеп болды. Қыздар қараусыз қалып, пеш жағып, үйді жылытамыз деп қайтыс болды", деді Глубоковский ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Константин Боровиков.