• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қазан, 2020

Бір жыл бұрын колониядан қашып кеткен сотталушы ұсталды

814 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда 38 жастағы сотталушы ұсталды, - деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ол Шідерті кентіндегі қауіпсіздігі барынша төмен АП-162/10 түзету мекемесінен қашып кеткен.

Сотталған ер адам 2019 жылдың тамызында мекеме аумағынан кетіп қалған. Алайда кешке колонияға оралмаған. Қауіпсіздігі барынша төменше мекемеде сотталғандар колония аумағыннан тыс жерде жұмыс істеуге құқы бар.

"ҚАЖ қызметкерлері сотталған ер адамның қайда екенін анықтау үшін Екібастұз қаласы полиция басқармасы мамандарымен бірлесіп, жұмыс жүргізген. Біз 1 жыл бойы сотталушының қайда екенін анықтай алмадық. Қазіргі таңда ол Павлодардағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Біз оны қауіпсіздігі орташа мекемеге қайтару үшін сотқа материал жібереміз", дейді АП-162/10 мекемесінің басшысы Ербол Шәріпов.

Тергеу барысында сотталушы кінәсін мойындап, Нұр-Сұлтандағы отбасына барғанын айтқан. Оның азаматтық некедегі әйелі мен қызы бар екен. Осы уақытқа дейін ол әртүрлі мекен-жайда тұрған, әртүрлі жұмыс істеген.

Айта кетейік, Шідерті кентіндегі қауіпсіздігі барынша төмен АП-162/10 мекемесінде 62 сотталған азамат жазасын өтеп жатыр.