• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Президент 25 Қараша, 2016

Елбасы «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді

7849 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті елдің индустриялық-инновациялық дамуының маңыздылығы, мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері ынтымақтастығының перспективалары, ЕАЭО-ның басқа да мемлекетаралық экономикалық бірлестіктер және жекелеген елдермен өзара іс-қимылының ықтимал перспективалары жайлы айтып өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан астанасының ребрендингі, республикадағы жастардың білім деңгейін арттыру, білім беру үрдісіндегі үштілділіктің маңыздылығы жөніндегі мәселелерге тоқталды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы терроризм мен экстремизмнің пайда болуының алдын алудағы ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің кешенді ұстанымының өзектілігін атап өтті.

Сұхбат соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына шығармашылық табыс, ал көршілес елдердің азаматтарына зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.