Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореядағы отандастарымыздың өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz
"Жергілікті полиция өкілдері біздің дипломаттарға берген алдын ала ақпараты бойынша, ер адам жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамай, ауыр жарқаттарының салдарынан қайтыс болған. Аталған жайтқа қатысты тергеу ісі басталды. Айта кету керек, отандастарымыз елге заңсыз кірген", дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске сала кетейік, түркістандық 20 жастағы жігітпен және Нұр-сұлтанның 50 жастағы тұрғыны тіл қатпастан оқиға орнында көз жұмды. Жігіт биіктігі 8-9 метр болатын зауыттың төбесінен құлаған. Ал 1970 жылғы азаматша ағаштан алма алғысы келіп, баспалдақтан сүрініп кеткен. Осы айдың соңына дейін отандастарымыз Қазақстанға жеткізіледі.