• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қазан, 2020

Көне кітап көрме төрінде

646 рет
көрсетілді

Теміртаудың тарихи-өлкетану музейінде ашылған көрменің төрінен көне жәдігер – Құран кітабы орын алды. Өткен ғасырдың басында жарық көрген қасиетті мұраны мұражайға осыдан 20 жыл бұрын мешіттің наиб имамы Әбдуәли Асанов тапсырған екен.

– Құран тек араб тілінде ғана қасиетті саналады. Оның аудар­масы әлемнің 100-ден астам тілінде бар. Ал мұражайдағы бұл кітап 114 сүреге жинақ­талған 6200 аяттан тұрады. Сү­релердің өзі Мекке және Ме­­дина сүрелері болып бөлін­ген, – дейді музейдің экс­курсиялық-бұқаралық бө­­лі­мі­нің меңгерушісі Гүлім Сыз­дықова.

Айта кететін бір жайт, Құран­ның көне көшірмесі бүгінге дейін толық күйінде сақ­тал­маған. Мұ­ра­жайдағы кітап тек ор­таңғы бө­лігі ғана. Онда  араб ті­лінде жа­зылған 60 тарау бар.

Рухани келісім күніне арнал­ған аталған экспозиция қазан айы­ның соңына дейін жалғасады.

 

Қарағанды облысы