• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Экология 14 Қазан, 2020

Жол картасы – экологиялық ахуалды жақсарту құралы

496 рет
көрсетілді

Жол картасы аймақтардағы экологиялық ахуалды жақсартудың нақты, жүзеге асатын құралы болуы тиіс. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қос­танай­лық қоғам белсенділерімен кездесу барысында осылай деді.

Жиында өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу бойынша да­йындалып жатқан Жол кар­тасының жобасы таныстырылды. Министрдің айтуынша, қазір Қос­танай облысында экология бо­йынша бірқатар проблема бар. Жол картасы соның бәрін қамтуы тиіс.

«Мұндай проблемалардың қатарына Қостанайда биологиялық тазарту стансаларының жоқ­тығын, өңірдегі қалаларда канали­зациялық тазарту ғимараттарының тиімсіз жұмысын, елді мекен­дердегі қатты тұрмыстық қалдық­тарды орналастыру мәселесін жатқызуға болады. Осы және өзге де мәселелер бойынша кешенді ша­ралар қабылдау керек. Бұл бағытта әкімдіктің атқаратын жұ­­­мы­сы маңызды. Жол картасына нақ­ты шаралар енгізілді, енді соны жүзеге асыру қажет», деді М.Мыр­­зағалиев.

Айта кетелік, аталған өңір бо­йын­ша дайындалған Жол картасы көгалдандыру, жер ресурстары, су ресурстары, қалдықтарды басқару, атмосфералық ауаға шы­ғарылатын қалдықтарды азайту секілді 7 бөлімнен тұрады. Кез­десуге қатысқан қоғамдық ұйым­дар мен өңірдегі ірі өндіріс орын­дарының өкілдері енді Жол картасы жобасымен толық танысып, екі апта ішінде өз ұсыныстары мен ескертулерін беруі тиіс.

«Біздің мақсатымыз бен мін­детіміз ортақ екенін түсіну керек. Кері байланыс қажет. Тек сон­да ғана аталған құжат арқылы өзекті экологиялық проблемаларды шеше аламыз», деп атап өтті ми­нистр.

Экологиялық ахуалды жақ­сартуға бағытталған Жол карталарын министрлік басқа өңір­лер халқымен де талқылауды жал­ғастырады.